Сот сараптамасының объектілері

Сот сараптамасының мәселелерін дұрыс шешу, оның бастапқы мәселелерінің бірі болып саналатын сараптамалық зерттеудің объектілеріне де байланысты болып табылады. Сараптамалық зерттеудің объектілері ретінде процессуалдық заңдармен анықталған мәліметтердің көздері (источники)-сараптамалық міндетті шешу үшін қажетті іс материалдары алынады.«Қазақстан Республикасыныдағы сот сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес сот сараптамасының объектілері заттай айғақтар, құжаттар, адамның денесі мен психикалық жағдайы, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сонымен қатар сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарындағы сот сараптамасы затына жататын мәліметтер болып табылады.

Сараптама объектілерінің заңда кеңейтіліп (нақты Сот сараптамасының объектілері алғанда шектелмеген) қарастырылған тізіміне қарамай, сараптамаға берілетін барлық материалдар үш жеке топқа бөлінеді: негізгі объектілер, салыстырмалы материалдар және анықтамалық мәліметтері бар материалдар.

Негізгі объектілерге белгілі бір мәліметі бар тікелей материалдық объектілер жатқызылады, мысалы, заттай айғақтар; екінші топты сараптамалық зерттеулер үшін үлгілер құрайды. Үшінші топ ретінде сараптамалық зерттеулер үшін қажетті анықтамалық мәліметі (информации) бар мәліметтер (сведения) алынады (инструкциялар, ГОСТ тар, коллекциялар және т.б.).

Заңға сәйкес сараптаманы тағайындаған орган сараптамалық зерттеу объектісінің қол жетімділігіне, сенімділігіне кепілдік береді.

Сот сараптамасының объектілері, егер Сот сараптамасының объектілері олардың құрамы мен габариттері мүмкіндік берсе, онда сарапшыға оралған және мөрленген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган, сот сарапшысының зерттелетін объекті тұрған жеріне жетуіне, ол объектіні кедергісіз алуына және зерттеуді жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі керек.

Сот сараптамасын тағайындаған органның рұқсатымен заттай ағақтар мен құжаттарды зерттеу жүргізу кезінде, ол затттар зерттеуді жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті деңгейде ғана пайдаланылады немесе бүлінеді. Бұл рұқсат сот сараптамасын та Сот сараптамасының объектілеріғайындау туралы қаулыда немесе сот сарапшысының ұсынысын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан ішін-ара бас тарту туралы анықтамада, негізделген қаулыда көрсетілуі керек.

Сараптамалық зерттеуді жүргізу кезінде айтарлықтай мәселе салыстырмалы зерттеулер үшін үлгілер пайдалану, әсіресе түп нұсқаның құрамын тікелей зерттеу мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес жағдайларда туындайды. «Қазақстан Республикасыныдағы сот сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес Үлгілер-бұл сот сараптамалық зерттеуді жүргізу және сарапшының қортындысын беру үшін тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың құрамын бейнелейтін материалдық әлемнің объектілері болып табылады Сот сараптамасының объектілері.



Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер-бұл диагностикаланатын, классификацияланатын немесе идентификацияланатын объектілермен (әдетте заттай айғақтармен) салыстыру үшін сарапшыға берілетін материалдық объектілер. Заттай айғақтардан ажырата қарағанда, бұлар тергелетін оқйғамен байланысты емес және дәлелдемелер болып табылмайды. Олардың ажыратушы белгісі-тексерілетін объектіден шыққандығының күмән тудырмайтындығы.

Салыстырмалы зерттеулер үшін үлгілер ретінде заң (ҚР ҚІЖК 256 бабы) адамнан алынатын мыналарды атайды: қан, сперма, шаштар, тырнақ кесінділері, дененің сыртқы қабатының микроскопиялық қырындылары (соскобы), түкірік, тер және басқа да бөлінділер, тері өрнегінің іздері, тістің слепкалары, қол жазба ж Сот сараптамасының объектілеріәне адамның қасиеттерін білдіретін өзге де материалдар, дауыстың фонограммасы.Үлгілерге сондай-ақ материалдардың, заттардың, дайын өнімдердің, пробалары, гильзаның, оқтың үлгілері, құралдар мен механизмдердің іздері де жатады.

Пайда болу сипатына қаарй үлгілер былай бөлінеді: тергелетін уақиғаға дейін пайда болған және онымен байланысты емес (еркін); уақиғаны тергеу кезінде пайда болған, бірақ істі тергеумен байланысты емес (шартты түрде еркін-условно-свободные); істі тергеумен байланысты пайда болған (эксперименталдық). Соңғысы тергеушімен де, сарапшымен де алынуы мүмкін.

Үлгілер сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден, сонымен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу Сот сараптамасының объектілері шарасын қолдану бойынша іс жүріп жатырған адамдардан алынуы мүмкін. Іздер оқиға болған орында немесе заттай айғақтарда басқа адамнан қалуы мүмкін екендігі туралы жеткілікті мәліметтер болғанда, аталған іздер қалып қалуы мүмкін жағдайлар бойынша куә (жәбірленуші) ретінде жауап алынғаннан кейін үлгілер осы адамнан алынады.

Үлгілерді алудың тәсілдері былай бөлінеді:

· мәжбүрлеуші – сезіктіден, айыпталушыдан;

· прокурордың, соттың санкциясымен мәжбүрлеу түрінде– куәдан, жәбірленушіден мынандай жағдайларда: а) қылмысын әшкерелейтін жауаптарды тексеру үшін сезіктінің (айыпталушының) талап етуі; ә) венерологиялық ж Сот сараптамасының объектілеріәне өзге де жұқпалы ауруларды диогностикалау үшін үлгілерді алу қажеттілігі болғанда;

· куәнің және жәбірленушініңкелісімімен.

Егер үлгі алу қарама-қарсы жыныстағы адамдарды шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше профессионалдық тәжірбиені қолдануды талап етпейтін болса, онда тергеушінің өзінің, ал қажеттілік болғанда врачтың, өзгедей маманның қатысуымен үлгі алуға құқығы бар. Өзгедей жағдайларда үлгілер тергеушінің тапсырмасы бойынша врачпен немесе маманмен алынады. Үлгіні алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып саналғанда, ол сарапшымен жүргізіледі.

Үлгіні алу кезінде тергеуші міндетті түрде қаулы шығарады және онда мыналар көрсетілуі керек:

· үлгі алатын Сот сараптамасының объектілері адам;

· үлгі алынуға жататын адам (ұйым);

· қандай үлгілер және қанша көлемде алынуға жататындығы;

· адам үлгіні беру үшін қайда және кімге келу керек екендігі;

· үлгі алынғаннан кейін қайда және кімге берілу керек екендігі.

ҚР ҚІЖК 259 бабы сараптамалық зерттеу үшін тергеушінің үлгі алуының келесідей тәртібін қарастырады: адамды өзіне шақырап немесе оның жатқан жеріне барып, сараптамалық зерттеу үшін үлгі алу туралы қаулымен қол хат ала отырып таныстырады және осы тергеу әрекетіне қатысушы барлық адамдарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

· Тергеуші өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді орындап Сот сараптамасының объектілері, сараптамалық зерттеу үшін үлгі алады, оны орап, мөрлейді (опечатывает).

· Сараптамалық зерттеу үшін үлгі алу тиісті жағдайларда алу, тінту, эксгумация арқылы немесе осы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде іске асырылады.

ҚР ҚІЖК 260 бабы врачтың немесе өзгедей мамнның үлгі алу мүмкіндігін келтіреді. Мұндай жағдайда:

· Тергеуші врачқа немесе өзгедей маманға үлгі алынуға жататын адамды, сонымен қатар тиісті тапсырмасымен қаулыны жібереді. Қаулыда осы тергеу әрекетіне қатысушы барлық адамдардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі керек. Врачқа, маманға қатысты қайыру беру мәселесін (отвод) қаулы шығарған тергеуші шешеді.

· Врач Сот сараптамасының объектілері немесе өзгедей маман тергеушінің тапсырмасымен қажетті әрекеттерді орындап, үлгіні алады. Үлгілер оралып, мөрленіп, мұнан кейін врач немесе маман адам дайындаған ресми құжатпен бірге тергеушіге жіберіледі.

Тергеуші үлгілерді алып, үлгіні алу жұмыстары қандай кезектілікпен жүргізілсе сол тәртіпте баяндап, барлық әрекеттерін, қолданылған ғылыми зерттеу және өзгедей әдістерді және үлгілердің өзін атап көрсетіп хаттама жазады. Егер үлгілер тергеушінің тапсырмасымен врачпен немесе өзгедей маманмен алынса, онда ол үлгіні алған адам осы әрекетке қатысушылардың барлығы қол қоятын ресми құжат толтырады және ҚІЖК 203 бабының сегізінші бөлімінде белгіленген тәртіпте қылмыстық іске тіркеу үшін тергеушіге Сот сараптамасының объектілері беріледі.

ҚР ҚІЖК үлгіні тергеушінің алатын жағдайы да көрсетілген. Мысалы зерттеу процессінде сарапшымен эксперименталдық үлгілер де алынуы мүмкін, ол қорытындыда көрсетіліп хабарланады. Тергеушінің мұндай үлгілерді жасау кезінде қатысуға құқығы бар, бұл жағдай оның хаттамасында көрсетіледі. Сарапшы зертеуді жүргізіп болғаннан кейін үлгіні оралған және мөрленген түрде өзінің қорытындысына тіркейді.

Заң соттардың үлгіні алу әрекеттеріне де белгілі бір тәртіп қарастырған. Мысалы судья үлгілерді, оның ішінде егер оны зерттеу іс үшін маңызы бар болса, онда тірі адамды, мәйітті, жануарды, затты Сот сараптамасының объектілері бейнелейтін құрамдарды алуға құқылы.

Үлгіні алу туралы сот негізделеген анықтама шығарады және бұл жағдайда үлгілерді судьяның өзі алуы мүмкін, ал қажеттілік болғанда үлгі алынатын өзге жыныстағы адамды шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше профессионалдық тәжірбиенің болуын қажет етпесе дәрігердің немесе өзгедей маманның қатысуымен алынады. Өзге жағдайларда судьяның тапсырмасымен үлгілер дәрігермен немесе өзге маманмен алынады.

Үлгіні алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып саналғанда оны сарапшының өзі алады. Үлгілер тараптардан және үшінші тараптан да алынуы мүмкін.

Судья тиісті адамды шақырып алып, үлгіні алу туралы аны Сот сараптамасының объектілеріқтамамен қол хат ала отырып таныстырады және оған, және осы процессуалдық әрекетке қатысушы өзге адамдарға да құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Мұндай жағдайда судья өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді орындап, үлгіні алады, оны орап, мөрлейді

Үлгіні алу нәтижесі процессуалдық әрекеттің (сот мәжілісінің) хаттамасында көрсетіледі, онда үлгіні алу жұмыстары қандай кезектілікпен жүргізілсе сол тәртіпте баяндалып, қолданылған ғылыми зерттеу және өзгедей әдістерді және үлгілердің өзін атап көрсету керек. Өзге жағдайларда судья дәрігерге немесе маманға үлгі алынуға жататын Сот сараптамасының объектілері адамды, сонымен қатар тиісті тапсырмасымен анықтаманы жолдайды. Анықтамада осы процессуалдық әрекетке қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттері көрсетілуі керек.

Дәрігер немесе өзге маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді орындап, үлгіні алады. Үлгілер оралып және мөрленіп, мұнан кейін дәрігердің немесе маманның дайындаған ресми құжатымен бірге судьяға жолданады.

Зерттеу барысында сарапшының эксперименталдық үлгілер дайындауы мүмкін, мұндай жағдай қорытындыда айтылуы керек. Судьяның мұндай үлгілерді жасау кезінде қатысуға құқығы бар және бұл жағдай хаттамада көрсетіледі. Сарапшы зертеуді жүргізіп болғаннан кейін үлгіні орал Сот сараптамасының объектілеріған және мөрленген түрде өзінің қорытындысына тіркейді.

Егер үлгілер судьяның тапсырмасымен сарапшымен немесе маманмен алынса, онда ол үлгіні алған адам осы әрекетке қатысушылардың барлығы қол қоятын ресми құжат толтырады және қылмыстық іске тіркеу үшін судьяға беріледі. Хаттамаға алынған үлгілер оралған және мөрленген түрде тіркеледі.

ҚР ҚІЖК 91-3 бабы үлгілерді алу кезіндегі адамның құқықтарын қорғауды қарастырады. Оның ішінде үлгілерді алудың әдістері және ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Адамның жанын қатты ауыртатын күрделі медициналық процедуралар мен әдістерді Сот сараптамасының объектілері қолдануға тек үлгі алынуға жататын адамның өзі жазбаша келісім бергенде ғана болады, ал егер ол адам кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, онда оның заңды өкілдерінің келісімін алу қажет.


documentafaiffd.html
documentafaimpl.html
documentafaitzt.html
documentafajbkb.html
documentafajiuj.html
Документ Сот сараптамасының объектілері